Е. Қалымбайұлын Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Е. Қалымбайұлының міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 17 сәуірдегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ержан Қалымбайұлы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Алматы қаласының мәслихаты мен Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
21 апреля 2023