«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сайлау туралы заңнаманы бұзғаны туралы 2023 жылғы 15 наурызда енгізген № 2-010300-23-20979 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына енгізген ұсынымына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатты әкімшілік жауаптылыққа тартуға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына келісім берілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.