Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының    19-бабы 8-тармағына сәйкес және А.Х.Қабыкеновтің, К.Е.Мазованың, Б.Ж. Туребековтің 2023 ж. 11 наурыздағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Азамат Хасенұлы Қабыкенов, Күлхан Ермекбайқызы Мазова, Берік Жолмұқанұлы Туребеков тағайындалсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясына мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
14 марта 2023