А.М. Давлетжановты, М.М. Тажмұқановты Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.М. Давлетжановтың, М.М. Тажмұқановтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Амангелді Медхатұлы Давлетжанов, Марат Мырзахметұлы Тажмұқанов Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына және Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
04 января 2023