«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Т.Е. Мәкеновтың, С.А. Құрманованың, А.А. Абдикеримовтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 6 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғат Есімұлы Мәкенов, Сәуле Ажмұхамбетқызы Құрманова, Амангелді Абдижалиұлы Абдикеримов Астана қалалық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Астана қалалық мәслихатына және Астана қалалық сайлау комиссиясына жіберілсін.