«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ф.О. Оразованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 11 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Фарида Орысбайқызы Оразова 2023 жылғы 15 қаңтардан бастап Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық мәслихатына және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.