Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.И. Лукиннің өкілеттігін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «А.И. Лукинді босату туралы» 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 103 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.

Дата публикации
13 января 2023