Л.Қ. Құсайынованы Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Л.Қ. Құсайынованың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 16 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ляйля Қинаятқызы Құсайынова Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
16 января 2023