Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Р.Әбілдаевтың өкілеттігін жоғалтқаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңының 24-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына және 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Азамат Рахатұлы Әбілдаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын.

Дата публикации
19 января 2023