«Қазақстан Республикасы аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 17/247 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізулер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығының 6-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 17/247 қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

«Қазақстан Республикасы аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы» қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері туралы»;

1-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары (2-1) қосымша);

2-2) мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары (2-2) қосымша)»;

2-1) және 2-2) қосымшалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Осы қаулы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сайлау комиссияларына және облыстық аумақтық сайлау комиссияларына жеткізілсін.

Дата публикации
19 января 2023