А.Б.Базеновті Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Б.Базеновті міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 17 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Айрат Базенович Базенов Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Абай облыстық мәслихатына және Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
19 января 2023