«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ғ.Қ. Баймурзаевтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 19 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ғалым Қонақбайұлы Баймурзаев Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.