Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттіктерін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттіктерін тоқтату туралы» 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 111 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;

Владимир Васильевич Волковтың;

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;

Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;

Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;

Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;

Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;

Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің

өкілеттіктері тоқтатылды деп белгіленсін.

    

Дата публикации
24 января 2023