2023 жылғы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2023 жылғы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мынадай депутаттары тіркелсін:

Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;

Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;

Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;

Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;

Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;

Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;

Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев;

Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;

Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов;

Қостанай облысынан - Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;

Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов;

Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;

Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;

Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек;

Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев;

Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;

Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай;

Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова;

Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.

2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Дата публикации
25 января 2023