Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 112 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы» 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 112 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1.       Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров

тіркелсін.

2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын. 

Дата публикации
25 января 2023