Ә.Б. Әлиповті Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ә.Б. Әлиповті міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 30 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлтаир Бақтыбайұлы Әлипов Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

Дата публикации
30 января 2023