Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 16-5) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңес құрылсын. 

2. Қоса беріліп отырған: 

1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңес туралы Ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін; 

2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

3. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7/184 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 

4. Осы қаулы қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
26 октября 2022