«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-баптарына, 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына және Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының 2022 жылғы 17 қазандағы № 7145-22-00-2/2674 іс жөніндегі шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін.
2. Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркеуден бас тартылсын.