Бақыт Маратұлы Жаңабаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Президенттікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 56-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

Бақыт Маратұлы Жаңабаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын. 

Дата публикации
21 октября 2022