2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
  2. Салтанат Пархатқызы Тұрсынбековаға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
  4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
Дата публикации
20 октября 2022