«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.