Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Р.С. Оразбаеваны міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Р.С. Оразбаеваның міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 9 қыркүйектегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Рысты Сатымқызы Оразбаева Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
14 сентября 2022