«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Е.Б. Аймағамбетовтің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 3 қыркүйектегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ерқара Балқараұлы Аймағамбетов Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қарағанды облыстық мәслихатына және Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.