Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Б. Гордееваны міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Л.Б. Гордееваның міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 22 тамыздағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Лариса Болеславовна Гордеева Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
26 августа 2022