Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының мүшесі В.Н. Редкокашинді міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және В.Н. Редкокашиннің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 7 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Владимир Николаевич Редкокашин Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
20 июня 2022