Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ. Наурызбаевты міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Қ. Наурызбаевтың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 10 маусымдағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қожамжар Наурызбаев Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатына және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
20 июня 2022