Абай облысының кейбір аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 және № 887 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай комиссиялар:

1) Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы;

2) Абай облысы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
08 июня 2022