«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.