«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақала жариялау 350 000 (үш жүз елу мың) теңге сомасында;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.