«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 129-баптары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сайлау құжаттарының нысандары:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетень осы қаулыға 1-3 қосымшаларға сай;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы сайлау комиссиясының хаттамасы осы қаулыға 4-қосымшаға сай;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудағы дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хабар осы қаулыға 5-қосымшаға сай бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.