«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 5-тармағына және Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясы ұсынған материалдардың негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың референдумға қатысуы және референдум қорытындыларын шығару барысында жіберілген заңнама бұзушылықтардың негізінде Алматы қаласы Алатау ауданының №2 дауыс беру учаскесінде 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумның өткізілуі жарамсыз деп танылсын.
2. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы №2 учаскелік комиссиясына қатысты қолданыстағы заңнамада шеңберінде көзделген қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.А. Смағұловқа жүктелсін.