2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық референдумды өткізу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:

1) республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі (1-қосымша);

2) учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (2-қосымша);

3) дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);

4) дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);

5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының референдум комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы (5-қосымша);

6) Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындылары туралы хаттамасы (6-қосымша);

7) шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысының куәлігі (7-қосымша);

8) хабар (8-қосымша).

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
06 мая 2022