Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Г.Н.Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» 2020 жылғы 28 наурыздағы № 295 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Н. Әбдіқалықованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.