Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау облысы әкімінің «Б.Қ. Хаменованы Атырау облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындау туралы» 2020 жылғы 11 наурыздағы № 74-ө өкімінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Депутат Б.Қ. Хаменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.