«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қөрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық–әдістемелік кеңес жөніндегі ережеге:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарапшылық-әдістемелік кеңестің мүшесін қабылдау және оның құрамынан шығару туралы шешімді Комиссияның Төрағасы қабылдайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарапшылық-әдістемелік кеңестің жұмыс органы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі болып табылады.»;
қөрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық–әдістемелік кеңес жөніндегі ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.