Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Р.С. Ногумановтың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 28 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Рамазан Саидұлы Ногуманов Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
14 февраля 2022