Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 793 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Л.М. Қалтаеваны тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Л.М. Қалтаеваны тағайындау туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 793 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Ләззат Молдабекқызы Қалтаева тіркелсін.

2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Дата публикации
31 января 2022