Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Н.М. Әбдіров туралы» 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 783 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.