«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Г.П. Романовскаяның міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2022 жылғы 10 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Галина Петровна Романовская Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты мен Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.