«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Б.Ө. Исабаев туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 768 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тіисті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.