Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «С.М. Айтпаева туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 767 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.