Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Т.Т. Каскиннің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тілеген Төлегенұлы Каскин Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
22 декабря 2021