Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Б.І. Ілиясова мен Н.П. Чудовскойдың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 15 қарашадағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бақытжан Ілиясқызы Ілиясова мен Николай Петрович Чудовской Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулы Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
30 ноября 2021