«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) және 3) тармақшаларына сәйкес және С.Ү. Күзембаевтың тиiстi сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 30 қыркүйектегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саламат Үсенұлы Күзембаев Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.