2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру алгоритмі бекітілсін.
2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, онлайн-сервиске қолжетімділікті алу үшін дауыс беру учаскелерін және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін айқындасын әрі 2026 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, онлайн-сервисті іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлауда дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы комиссиясының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы
|
|
________________Н. Әбдіров |
___________________ Р. Коняшкин |
|
|
|
|
|
|
Астана қаласы
2026 жылғы «2» қараша
№ 67/119
Астана қ.
2026 жылғы «2» қараша
№ 643/НҚ
12
67/119
04 қараша 2026 18:23
04 қараша 2026