2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына, 14, 16-1, 26-1 және
37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілеріне қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызметтік пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Өңірлердің тиісті сайлау комиссиялары:
1) мәслихаттардың бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;
2) Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау кезінде «Сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу туралы» 2026 жылғы 2 қарашадағы жеребе тартуды өткізу нәтижелерін қолдансын;
3) мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің санын белгілесін, оларды дайындауды және сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.М. Айманақұмовқа жүктелсін.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш. Өтемісов
Астана қаласы
2026 жылғы 2 қараша
№ 67/118
67/118
02 қараша 2026 18:34
02 қараша 2026