Ш.М. Шәріповті Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
Ш.М. Шәріповті Астана қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ш.М. Шәріповтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2026 жылғы 14 қазандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шрақпай Мұратұлы Шәріпов Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш. Өтемісов
Астана қаласы,
2026 жылғы 19 қазан
№ 63/111
1
63/111
19 қазан 2026 18:34
19 қазан 2026