Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Төрағасының орынбасарын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып сайлансын.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Астана қаласы,
2026 жылғы 23 қыркүйек
№ 52/88