Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын белгілеу және дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конституциялық заңының 12, 44, 94, 97, 97-1-баптарына сәйкес,           Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындылары белгіленсін:

Қазақстан Республикасы бойынша саяси партияларды жақтап және «Бәріне   қарсы» берілген дауыстар:

«Әділет» партиясы – 6528948 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 71,17 проценті;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469058 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,11 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97751 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 1,07 проценті;

Қазақстан Халық партиясы – 285395 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 3,11 проценті;

«Ауыл» партиясы – 574621 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 6,26 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы – 478083 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,21 проценті;

«Respublica» партиясы – 509631 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының  5,56 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 230446 немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 2,51 проценті;

 

 

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар белгіленсін:

«Әділет» партиясы – 6528948 (71,17%);

«Ауыл» партиясы – 574621 (6,26%);

«Respublica» партиясы – 509631 (5,56%);

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы - 478083 (5,21%);

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469058 (5,11%).

 

 

  1. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесідей бөлінгені белгіленсін:

«Әділет» партиясы - 110;

«Ауыл» партиясы - 10;

«Respublica» партиясы - 9;

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы - 8;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Постановление
Дата публикации
25 августа 2026