2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысын ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысын өткізу регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес келісілсін.
  2. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысына қатысушылардың тізімі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты:
  • «Хабар» агенттігі» АҚ-мен шарт жасасу бойынша қажетті ұйымдастырушылық шараларды қабылдасын;
  • осы қаулыны Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар штабтарының, сондай-ақ «Хабар» агенттігі» АҚ назарына жеткізсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.К. Сүйіндікке жүктелсін.
Қаулы
Дата публикации
12 августа 2026